Ата-аналармен оқушылардың назарына! Еліміздегі COVID-19 пандемиясының таралуына байланысты қашықтықтан оқыту кезінде сенім телефоны жұмыс жасайды. » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналармен оқушылардың назарына! Еліміздегі COVID-19 пандемиясының таралуына байланысты қашықтықтан оқыту кезінде сенім телефоны жұмыс жасайды.
03
февраль
2021

Ата-аналармен оқушылардың назарына! Еліміздегі COVID-19 пандемиясының таралуына байланысты қашықтықтан оқыту кезінде сенім телефоны жұмыс жасайды.

Белбасар ауылы , Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің ата-аналары мен оқушылары назарына ! Еліміздегі COVID-19 пандемиясының таралуына байланысты қашықтықтан оқыту кезінде мектебімізде сенім телефоны жұмыс жасайтынын хабарлаймыз.
Кез келген телефоннан, кез келген уақытта "111" сенім телефонына немесе мектеп психологтарына қоңырау соғып, жедел психологиялық және құқықтық жәрдем ала аласыздар. Cенім телефоны балалар мен жасөспірімдердің ауыр эмоциялық мәселерін шешуге және құқықтарын қорғауға бағытталған. Көмек сұрағандар атын құпияда сақтауы мүмкін, әңгіме жөнінде тек жүгінуші мен кеңес беруші біледі. Көмек күн сайын, тәулік бойы және үнемі тегін көрсетіледі. Бұл нөмірлерді есте сақтау қажет.
Мысалы, сенім телефонына жүгінуге болады, егер:
- отбасылық қарым-қатынастарда қиындық туындаса;
- досыңмен келіспей не болмаса ажырасып қалғанда;
- мектептегі проблемаларыңды айтқың келсе;
- қорқыныш сезімде болсаң;
- жалғыздықты сезінсең;
- қиын жағдайда не істеріңді білмегенде хабарласуға болады.