Азаматтық-патриоттық тәрбие іс шаралары » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Азаматтық-патриоттық тәрбие іс шаралары
Жиналыс
23
май
2022
Жиналыс
Ағымдағы жылдың 21 мамырында Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің директоры, мектептің Қамқоршылық кеңес және ата-аналардың алдында 2021-2022 оқу жылдың нәтижесі бойынша есеп берді. Жиналыс барысында Қамқоршылық кеңес және ата-аналар тарапынан келесі 2022-2023 оқу жылының жұмыстарының жүргізілуіне өз ой-пікірлерін білдірді.
" Үздік-эко волонтёр" байқауы
05
май
2022
" Үздік-эко волонтёр" байқауы
Ш . Уәлиханов атындағы орта мектептің экология үйірмесінің жетекшісі Молдабекова Жаннұрдың ұйымдастыруымен өткен аудандық "Үздік-эко волонтёр" байқауында "Еріктілер" тобы жүлделі екінші орынды иеленді.
"Жас Ұлан"балалар мен жасөспірімдер ұйымының форумы
28
апрель
2022
"Жас Ұлан"балалар мен жасөспірімдер ұйымының форумы
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің аға тәлімгері Айсұлу Асембаеваның ұйымдастыруымен "Мен -елімнің ертеңімін"атты аудандық "Жас Ұлан"балалар мен жасөспірімдер ұйымының форумы өткізілді.1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мектептің озат,белсенді,жігерлі,талапты,2-3 сынып оқушыларын Жасқыранға, 5 -6 сынып оқушыларын Жас Ұланға қабылданды.
"Мың бала" олимпиадасы
28
апрель
2022
"Мың бала" олимпиадасы
2022 жылдың 6-сәуір күні Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің 5-6 сыныптарынан 40 оқушы ауыл ауыл мектептеріне арналған "Мың бала" Ұлттық зияткерлік олимпиадасының |-кезеңіне қатысты. Олардың ішінен шекті балды жинай алған 11 оқушы 2022 жылдың 27-сәуір күні олимпиаданың ||-кезеңіне қатысты. [center]
"Айқанат" республикалық олимпиада
22
апрель
2022
"Айқанат" республикалық олимпиада
2022 жылдың 1 сәуір күні 8 сыныптың 10 оқушысы "Айқанат" республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысты. Осы кезеңде 8 "А" сынып оқушысы Тлеуберген Ернұр жақсы нәтижелер көрсетіп олимпиадасының республикалық кезеңіне жолдама алды. Ернұрдың келесі кезеңде жүлделі орындардан көрінетіндігіне сенім артамыз.
1 қазан  дүниежүзілік қарттар күні
03
октябрь
2021
1 қазан дүниежүзілік қарттар күні
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепте мектеп жанынан құрылған қамқоршылық тобы 10 А сынып оқушылары 1 қазан дүниежүзілік қарттар күні ауыл зейнеткері Исаева Даметкер апайдың ауласын, бақшасын жапырақтардан тазалап, үйдің ішіне де тазалық жұмыстарын жүргізіп қолғабыс етіп қайтты. Қарттарымыз- сарқылмас қазыналарымыз, олардың ақылын тыңдаудан, оларға қамқорлық жасаудан, жас ұрпақ еш жалықпау керек.
1 қазан  дүниежүзілік қарттар күні
03
октябрь
2021
1 қазан дүниежүзілік қарттар күні
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепте 1 қазан дүниежүзілік қарттар күніне орай ауыл қариялары Байбулов Дүйсенәлі мен Шалданбаев Ұзақты мектеп ұжымы атынан құтықтау сәті. Ауыл қариялары мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіріп ақ батасын берді.
Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арналған монументке гүл шоқтары қойылды.
09
май
2021
Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арналған монументке гүл
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп маңындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арналған монументке гүл шоқтары қойылды. Ауыл азаматы Тәжікстанда азаматтық борышын өтеген Р.Әлімжановтың анасы М.Әлімжанова "Ана жүрегі" медалімен марапатталды.
Ұлы жеңіс мерекесі күні!
09
май
2021
Ұлы жеңіс мерекесі күні!
Ұлы жеңіс мерекесі күні Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің ауласында орналасқан Ұлы Отан Соғысына қатысқан ауыл тұрғындарына арналған ескерткішке гүл қою рәсімі өтті.