Мектеп тарихы » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сентябрь
2016

Мектеп тарихы

ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

«ШОҚАН УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.

  

               

І. Мектеп тарихы

Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі алғаш 1929 жылы сауатсыздықты жою мақсатымен Еңбекші бастауыш мектебі деп ашылған. Мектеп ашылған кезде 19 оқушы ғана оқыған, олар жастарына қарамай бірыңғай бастауыш сыныптардың бағдарламасымен оқып, тәлім алған. 1950 жылы жеті жылдық деңгейіне жеткен.

1964 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп Есіркеп Бекқожаев көшесінде сегіз жылдық атанып, 1965 жылы орта мектеп құрылды.



ІІ. Мектеп директорлары туралы мәлімет

Алғашқы 1929 жылы Еңбекші бастауыш мектеп меңгерушісі Андасова Әбдіхалық, 1933 жылы Ауытова Омар, 1940 жылы Мустафина Әбдеш, 1942 жылы Қалиев Әлім, 1945 жылы Мясаров Мұхамбет, 1948 жылы Уәлиев Қойшыбай.

1950 жылы Еңбекші жеті жылдық мектеп директоры Жылқыайдарв Әбдіғазит, 1958 жылы Бесбаев Байбосын, 1959 жылы Өксікбаев Камал, 1962 жылы Диханбаев Нұрлан, 1965 жылы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп директоры Махамбетабиев Әбдіахмет - Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі. 1988 жылы Бисімбаев Серікбай, 1989жылы Жақсыбаев Мұрат - Қазақ ССР-нің Білім беру ісінің үздігі, методист-мұғалім, 2001 жылы Үсембаева Дамира, 2003 жылы Тұрысбекова Рымжан, 2005 жылы Малиова Хатима - Қазақ ССР-нің оқу ағарту ісінің озық қызметкері, 2008 жылы Жақсыбаев Мұрат.


ІІІ. Мектеп паспорты

Мектептің құрылған жылы – 1929

Мұғалімдер саны-54

Жоғарғы білімді – 36

Арнайы орта -3

Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі - 2

Жоғарғы санатты – 14

Бірінші санатты – 21

Ұлттық құрамы - 54

Қазақ – 53

Басқа ұлттар – 1

Жалпы сыныптар саны – 22

Оқушылар саны – 383

1-4 сыныптар – 63

5-9 сыныптар – 33

10-11 сыныптар – 4

Үздіктер – 92

Екпінділер –

Ұлттық құрамы -383

Қазақ – 383

Басқа ұлттар – 0


IV. Ардагер мұғалімдер

Б е с б а е в а Ұ л ғ а й ш а

1928 жылы туылған. 1952 жылы Қырғыстан мемлекеттік педагогикалық институтының филолгия факультетіннің сырттай бітірген.

1947 жылы Еңбекші жеті жылдық мектебінде мұғалім болып, кейін Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген. 1985 жылы зейнеткерлікке шыққан.

1980 жылы аудандық «Құрмет грамотасымен», 1987 жылы «Алғыс хатпен» марапатталған. 10 бала тәрбиелеген ардақты ана, ұлағатты ұстаз.

С ү л е й м а н о в а Г ү л с і м

1941 жылы 1 қаңтарда туылған. 1954 жылы жеті жылдық еңбекші мектебінде оқуын бастап 1957 жылы Алматы қаласындағы №39 мектепте 10 классты аяқтаған. 1962 жылы Алматы Қазақ Ұлттық Абай атындағы педагогикалық институтын срттай оқып, еңбек жолын бастаған. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте бастауыш сынып меңгерушісі болып қызмет аьтқарып, 1995 жылы зейнетке шыққан.

О й ш и е в а Р а я

1940 жылы 8-қыркүйекте туылған. 1962 жылы ЖенПИ-дің биология факультетіне түсіп 1967 жылы бітірді. 1967 жылы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте биология пәнінен сабақ беріп 1995 жылы зейнеткерлікке шықты.

1973 жылы кабинет жабдықтау жарысында жеңіске жетіп «Социолистік жарыс» значогі, 1977 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» (значогі) атағы, 1982 жылы «Мұғалім методист» атағын алды. Ізденімпаз ұстаз, ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер арасында адамгершілік, еңбексүйгіш қасиетімен сыйлы да құрметті.

Б а қ т ы б е к о в а Г ү л з и р а

1940 жылы 9 шілдеде туылған. 1962 жылы Шымкент педагогикалық институтының тарих факультетіне түсіп 1967 жылы бітірді. 1958 жылы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепке тарих пәнінен дәріс беріп 1984 жылы зейнеткерлікке шықты. 1986 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» значогімен наградталды. 1985 жылы «Ветеран труда» медальімен марапатталды. 2004 жылы «Күміс алқа» алқасымен наградталды. 1980 жылы обылыстық пән олимпиадасында оқушысы Қуандықова Бақыткүл тарих пәнінен ІІ орынды иеленді.



Қ ұ с а й ы н о в а З и ф а

1947 жылы 16 сәуірде туылған. 1963 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтына түсіп 1967 жылы бітірді. 1967 жылы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте математика пәнінен сабақ беріп, 1995 жылы зейнеткерлікке шықты.

1993 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісі, 1973жылы аудандық грамота, 1978 жылы облыстық грамоталарымен марапатталған. 1978 жылы математика пәнінен тереңдетілген және өте жақсы бағаланған үздік шәкірттері Идрисова Ақмарал, Итекеева Гүлзат, Бораева Дәриякүл, Байділдаева Тоқжан.

Қ о ш б а е в а К ү н с ұ л у

1947 жылы 28 ақпанда туылған. 1963 жылы ЖенПИ-дің физика матеамтика факультетіне түсіп 1967 жылы бітірді.1967 жылы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте математика пәнінен сабақ берген. 1994 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1980 жылы аудандық «Құрмет» грамотасымен, 1984 жылы мектепаралық кабинет жарысынан ІІ орын, 1984 жылы облыстық «Мақтау грамотасымен», 1988 жылы «Аға мұғалім» атақтарының иегері. Шәкірттері Анарбекова Тансық - жыл мұғалімі, Кененбанв Серік - ғылым докторы, Байтанаев Әли - Экономика ғылымдарының докторы және еліміздің бірнеше жоғарғы оқу орындарында біраз шәкірттері қызметте жүр.

С а т ы б а л д и е в а Қ а м а р

1964 жылы 20 тамызда туылған . 196 жылы Абай атындағы педагогикалық институтына филология факультетіне түсіп 1977 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте 1966 жылдан бастап 1985 жылға дейін, зейнеткерлікке шыққанша қызмет атқарды. 1990 жылы аудандық оқу бөлімінің грамотасымен марапатталды.

Н и я з а м и е в а П а н а р к ү л

1949 жылы 12 қарашада туылған. 1969 жылы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде подгоб пр. Еңбек пәнінен дәріс берген. 1987 жылы денсаулығына байланысты зейнеткерлікке шыққан.

Б е р к і м б а е в а Ұ л т і л е у Н и я з а л ы қ ы з ы

1947 жылы 1-сәуірде Жамбыл облысы, Шу ауданы Белбасар ауылында дүниеге келген. 1965 жылы аудан орталығы бұрынғы Ново-тройцкое селосы, қазіргі Төле би аулындағы Қазақ орта мектебін бітірген. 1960 жылдан бастап Ш.Уәлиханов орта мектебіне бастауыш сыныбына мұғалім болып тұрады. 1987 жылы Жамбылдың педагогикалылық Училищесінің бастауыш сынып мұғалім болып бітірді. 1981 жылдан басьап 6 жасарларды оқыту әдісімен жұмыс атқарды. Еңбегімен бағаланып Ы. Алтынсарин атындағы атындағы ғылыми зерттеу институтының, Оқу министрлігінің алғыс хатын алған. Еңбегі газет бетінде жарияланды. 1991 жылы еңбегі бағаланып, обылыстық оқу бөлімі «Аға мұғалім» деген атақ берді. 1993 жылдан бері зейнеткерлікке шыққан. Оқушылары қазір әр салада еңбек етуде. Ұстаз болғандары да бар. 1986 жылы 6 жасарларды оқытуға қосқан үлесі үшін «Алғыс хат» алған. 1983 жылы аудандық «Мақтау грамотасымен» марапатталған.

С е й т к е р е е в а Ж ә м и л ә

1946 жылы 18 қазанда туылған 1966 жылы Қазақ мемелекеттік Қыздар институтының библиография факультетіне түсіп 1971 жылы бітірді. Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте кітаханашы қызметін атқарып зейнеткерлікке шықты. 1984 жылы аудандық «Құрмет грамотасымен», 1992 жылы облыстық «Мақтау грамотасымен», 2004 жылы «Ұзақ жылдардағы жемісті еңбектері үшін аудандық мақтау грамотасымен марапатталды.


V. Жаңашыл мұғалімдер

Ж а қ с ы б а е в М ұ р а т М ұ х и т ұ л ы

1955 жылы 15 наурызда туылған. 1972 жылы Қазақтың физкультура институтына түсіп 1977 жылы бітірді. 1977 жылдан Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып істеейді. 1987 жылы аталған мектепте директодың оқу тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары, 1989 жылы мектеп директор 2001 жылы Еңбекші орта мектебінің директоры, 2008 жылы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің директоры.

1987 жылы Жамбыл облыстық халыққа білім беру бөлімінің бұйрығымен «Методист – мұғалім». 1995 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды. 2003 жылға дейін үш рет Шу аудандық мәслихаттың депутаты. Жоғарғы санатты ұлағатты, білікті ұстаз.

Қ а с е н о в а М е й р а м к ү л С е й і л о в н а

1955 жылы 18 сәуірде туылған. 1990 жылы Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтының тарих және қоғамтану факультетін бітірген. Мектеп директорының тәрбие жөнідегі орынбасары, тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, сабақ беру сапалылығы 68-70%. 1994-1995 оқу жылы меткеп директорларының аудандық семинарында «1916 жылғы Ұлт азаттық көтеріліс» тақырыбында ашық сабақ өткізіп жоғары бағаланды. 1999 жылы 11-сынып оқушысы Нүсіпәлиева Рауан «Қазақстан менің болашағым» атты Республикалық оқушылар арасында жүлдегер атанды. 1993 жылы Р. Баймұсаева облыстық пән пән олимпиадасында І орын, 1988 жылы Р.Нүсіпәлиева ІІ орын, 1996-1999 оқу жылдары аралығында тарих пәнінен тереңдетіп оқытқан, сынып жетекшілік міндетін атқарған сыныбынан жеті оқушы орта мектепті үздік аттестатпен бітіріп, үшеуі жоғарғы оқу орындарында тарих пәнінен дәріс береді.

М а м б е т о в а Г ү л і м

1953 жылы 10 мамырда туылған. 1971 жылы Абай атындағы Қазақ Педагогикалық Институтына түсіп 1975 жылы бітірді. 1975 жылы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте физика пәнінен сабақ береді.

2003-2004 оқу жылында физика пәнінен аудандық пән олимпиадасында оқушысы А.Шамшитова ІІІ орынды, 2006-2007 оқу жылында оқушысы Д.Байдауылова аудандық олимпиадада ІІ орынға иеленді. Білім беру сапасы 57-60%.

Б е к і ш о в а Б а я н С е й і т б е к қ ы з ы

1955 жылы 12 қазанда туылған. 1971 жылы Қазақ педагогикалық институтына түсіп 1975 жылы бітірді. 1976жылдан Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте физика пәнінен сабақ берді. 2002 жылы аудандық білім басқармасының «Мақтау грамотасымен» марапатталды. Жоғарғы санатты, дәрежелі ұстаз. «Оқушылардың белсенділігін арттыру» тақырыбында проблемалық жұмыс жүргізеді. 1997-1998 оқу жылында Ш. Құсайынов, 1999-2000 оқу жылында Г. Құстүтінова, 2004-2005 оқу жылында А. Жайсанова жүлделі орынға ие болды. 1999 жылы 11-сынып оқушысы Р.Нүсіпәлиева «Қазақстан менің болашағым» атты байқауда жүлдегер атанды.

У т е б а е в а М е й р а м к ү л А й т б е к қ ы з ы

1955 жылы 4 қарашада туылған. 1980 жылы 4 қарашада туылған 1980 жылы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. 1977 жылы Ш. Уәлиханов атындағы орта ектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс береді. 1990 жылы аттестация қорытындысы бойынша «Аға мұғалім» атағына ұсынылды. 1992 жылы «Жыл мұғалімі» байқауында жүлдегер атанды. 2001 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығында «Қажырлы еңбегі үшін» құрмет грамотасымен марапатталды 2003 жылы «Оқу-тәрбие жұмысындағы жетістігі үшін «Құрмет грамотасымен», 2005 жылы аудандық оқу бөлімінің «Алғыс хатымен», 2007 жылы ғылыми зерттеу жұмысындағы ұмтылысы үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.

Ч у л е б а е в а С ә у л е

1955 жылы 7 қарашада туылған. 1974 жылы Қазақтың Абй атындағы Педагогикалық Институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетіне түсіп 1978 жылы бітірді. 1979 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы орта меткепте қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі қызметінде.

2002 жылы педагог кдрлардың білімін жетілдіру курсында «Жаңа оқыту технологияларымен» өз білімін жетілдірді.

Өз пәні бойынша жинақтаған 25 методикалық оқу құралдары, өзі жасаған 102 карточчкасы, 32 рефераты бар. Әдіс алмасу мақсатында жоспарға сәйкес өз пәні бойынша «Менің Қазақстаным», «СССР-ға 60 жыл» аттты үлгілі тәрбие сағаттарын өткізді. Өз коллектив арасында беделді, сыпайы тұрақты моралдағы педагог.

Д а й ра б а е в а А л ш а г ү л

1975 жылы Қазақтың Мемлекттік Қыздар Педагогикалық Институтының Тарих факультетіне түсіп, 1980жылы бітірді.

Педагогикалық стажы 35 жыл. 2007 жылы»Өз білімін жетілдіру» курсынан өткен. 2008 жылы «Дін тану негіздері» курсынан өткен. 2004-2005 оқу жылында аудандық тарихпәні мұғалімдерінің семинарында іс-тәжірибесін аудан көлемінде таратты. 2003 жылдан ері аудандық тарих секциясының жетекшісі. 2005-2006 оқ жылында аудандық «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2007-2008 оқу жылында ҰБТ қорытындысы бойынша сабақ берген оқушылары 86%-ға жетті.

2004-2005 оқу жылында оқушысы Ерзат Гүлбаршын республикалық байқауға қатысып, «Әділет» қоғамының алғыс хатына ие болды және ұстаз ретінде өзі де алғыс хат алды. 2005-2006 оқу жылында аудандық пән олимпиадасында Ерзат Гүлбаршын І орынға, 2006-2007 оқу жылындапән олимпиадасында Ерзат Гүлшат, Төлбаева Жанар І-ІІ орындарға ие болған. 2007-2008 оқу жылында оқушылардың ғылыми жоба жұмысында Ерзат Гүлшат ауданда бас жүлдені, облыста «Мақтау қағазбен» марапатталды.

Р ы с м е н д и е в а Ж і б е к Қ а м ы с б е к қ ы з ы

1966 жылы 30 қыркүйекте туылған. 1987 жылы Қзақ Ұлттық Мемлекеттік Университетін метематика мамандығы бойынша 1990 жылы бітірген.1988 жылдан Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте математика пәнінен пәнінен сабақ берді «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» атты проблемалық тақырыппен жұмыс істейді. Оқушылары аудандық пән олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болуда. Республикалық жоғары Жәутіпов атындағы физика математика мектебінде қызы, оқушысы Қанатбай Ұлпан оқиды. Сабақтарын конференция, диспут, саяхат, ғажайып алаң, КВН түрінде ұйымдастырып, сабақты қызық өткізеді.

О с п а н о в а Ғ а з и з а

1963 жылы 12 маусымда туылған. 1980 жылы Қыздар педагогикалық институтына химия факультетіне түсіп 1985 жылы қызылдипломмен бітірген. 1985 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте химия пәнінен сабақ береді.

2004 жылы аудандық «Жыл мұғалімі» байқауында жүлделі ІІ орынды иеленіп 50 мың теңге сыйлық алды. 2006-2007 оқу жылында аудық пән олимпиадасында оқушысы Г.Әділбаева

ІІ-орынға, 2007-2008оқу жылында І-орынды иеленді.

Ма х а м б е т а б и е в а А т л а н а

1951 жылы 20 желтоқсанда туылған. 1970 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтына математика факультетіне түсіп 1975 жылы бітіреді. 1975 жылдан Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте матемаьтика пәнінен сабақ береді. 1984 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», 1982 жылы облыстық «Мақтау грамотасымен», 1990 жылы аудандық «Мақтау грамотасымен» марапатталды. Оқушылары аудандық пән олимпиадасында қатысып жүлделі орындарға ие болды. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту тақырыбында жұмыс істейді.

Қ у а н д ы қ о в а Б а қ ы т к ү л

1960 жылы 7 сәурде туылған. 1983 жылы Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институтына география факультетіне түсіп 1986 жылы бітірді. Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте география пәнінен сабақ береді. Оқыту барысында М.Жанпейісованың «Модульдік технологиясын өз тәжірибиесіне енгізген. Ойындар, пікірталас түрінде ұйымдастыру шеберлігі жоғары. 2001-2002 оқу жылында оқушысы М.Әсембаева аудандық пән олимпиадасында ІІ орын, 2002-2003 оқу жылында Е.Жақсылықов ІІІ орынды жеңіп алды.

Шәкірттері Г.Қанайқұлова, Н.Қожағұлов, А.Сатыбалдиевтар ұстаз жолын қуып мұғалімдік қызмет атқарды.

У т а р б а е в а К ү л а й ш а

1965 жылы 1 қыркүйекте туылған. Траз Мемлекеттік Университетін «Педагогика және бастауыш мектепте оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша бітірген,бастауыш сынып мұғалімі. БАУМ жүйесі бойынша сабақ жоспарын жасауды меңгерген.

2002-2003 оқу жылында мектепішілік «Ақбота! Марафонында оқушысы Ж.Тасткова І орынды, 2002-2003 оқу жылында аудандық панорамалық байқауынан І жүлделі орынды жеңіп алды. 2007 жылы 31 наурызда «Шу өңірі» газетінде оқушысы С.Нұрманбет «Наурыз жыл басы» деген шығармасы басылды.

Қ ұ д а й б е р г е н о в а Л ә з з а т

1970 жылы 27 тамызда туылған. 1996 жылы Сәкен Сейфулин атындағы Ақмола Университетін «Жалпы технологиялық және еңбек пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірі. 1988 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте еңбек пәнінен сабақ береді. 2005-2006 оқу жылында оқушылары аудандағы «Қазақтың жұрты киелі, өнерлі» атты 22-наурыз көрмесінде «Мақтау қағазымен» марапатталды. 2007-2008 оқу жылында ауылшарушылық күнінің қарсаңына қарай өткізілген облыстық «Ең үздік ауыл мұғалімі» байқауында І орынды жеңіп алды. 2006-2007 оқу жылында технология пәнінен аудандық олимпиадада оқушысы Ж. Түйешиева аудан бойынша бас жүлде, облыстық турдада бас жүлдені жеңіп алды. 2007-2008 оқу жылында аудандық пән олимпиадасында оқушысы Д.Әзімбаева І орын, Н.Касенова ІІ орындарды иеленді. Құдайбергенова Ләззат педагогикалық әдептілігі жоғары, оқушылар мен ата-аналар арасында беделді ұстаз.

С ұ л т а н о в а Ж а н а т

1965 жылы 27 наурызда туылған. 1987 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте география пәнінен сабақ береді. В.Шаталовтың «Тірек қимылдары» әдістерін сабақта тиімді пайдаланады. 2005-2006 оқу жылында аймақтық мұғалімдер арасында пәндік олимпиададан бас жүлдені иеленіп, аудан көлемінен ІІ орын, 2006-2007 оқу жылы оқушысы Г.Нүсіпәлиева география пәнінен жүлделі І орын, ал 2007-2008 оқу жылы ІІ орынды жеңіп алды. 2006-2007 оқу жылында «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы бойынша Қазақстан оқу Ассоциясының облыстық семинарында, арнайы сертификатқа иеленді. 2006-2007 оқу жылында Халықтар арасындағы бірлікті саяси ахуалды және партияның ұстаным уағыздауға сіңірген еңбегі үшін Нұр Отан ХДП-ның «Мақтау қағазымен» марапатталды.

2006-2007 оқу жылында аудандық «Сынып жетекшілер» байқауында ІІ орынды иеленді. 2007-2008 оқу жылында облыстық «География пәніндегі сарамандық жұмыстардың орындалу жолдары» семинарында «Алғыс хатпен» марапатталды. Өз мамандығын жан-жақты меңгерген ұстаз.

С е й д а з и м о в а Ж а м б ы г ү л

1958 жылы 10 шілдеде туылған.1979 жылы Қазақтың Абай атындағы Педагогиклық Институтының география-биология факультетін 1985 жылы қызыл дипломмен бітірген. 1985 жылдан1988 жылға дейін Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, ал 1988 жылдан бастап география, биология және валеология пәндерінің мұғалімі болып қызмет атқарады.1989 жылы аудандық «Құрмет грамотасымен» 1990 жылы облыстық «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2000 жылы оқушысы З.Сейдазимова биологиядан аудандық пән олимпиадасында І орынды обылыстан ІІІ орынды иеленді. 2001 жылы «Жыл мұғалімі» байқауына қатысып ІІІ орынды иеленді.

П а н а п о в а А й н а г ү л

1960 жылы 29 шілдеде туылған. 1975 жылы Абай атындағы педагогикалық уччилищесіне түсіп, 1979 жылы бітірген. 2002 жылы Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетіне түсіп 2005 жылы бітірді. 1981 жылдан Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып келеді. 1997 жылы облыстық білім департаментінің «Құрмет грамотасымен», 2008 жылы Жамбыл облысы педагог кадр жетілдіру және қайта даярлау институның «Алғыс хатымен» марапатталды. 2008 жылғы «Ақбота» телемарафонынан оқушылары Жұмабек Алуа, Серікбай Жанкелді, Бекмаханбет Қымбат ІІ орынды иеленді.

Қ ұ р м а н б е к о в а Р а й х а н

1951 жылы 7 қазанда тылған 1991 жылы Жамбыл қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищесін бітіріп 1968 жылы Новотроицкідегі С. Шәкіров мектеп интернатында аға вожатый болып 1972 жылдан – 1982 жылдары Жаңа жол ауылы Б.Момышұлы мектебінде қызмет атқарды. 1983 – 1989 жылы Еңбекші бастауыш мектебінде бастауыш сынып мұғалімі 1990 жылдан Ш.Уәлиханов мектебінде жұмыс істейді.

1. 1982 жылы аудандық кәсіподақтың

2. Облыстық кәсіподақтың

3. 1998 жылы аудандық оқу бөлімінің құрмет грамотасымен

4. 2005 жылы құрмет грамотасымен

5. Жамбыл облыстық департаментінің құрмет грамотасымен

6. 2007 - 2008 оқу жылының 5 қазанында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің мақтау қағазымен марапатталды.

И г і л і к о в а Д ү й с е н к ү л

1953 жылы 25 наурызда туылған. 1973 жылы Жамбыл қаласындағы, Абай атындағы педагогикалық училищесіне түсіп, 1976 жылы оқуды бітірді. 1973 – 1974 оқу жылынан бастап, Еңбекші орта мектебінде, қызмет атқарды. 1975 – 1976 оқу жылынан бастап Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте, бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды.1998 – 1999 оқу жылынан бастап Еңбекші орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі бола отырып, оқу ісінің меңгерушілік қызметін де атқарды. 2004 – 2005 оқу жылынан бастап Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте, бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқара отырып, 2005 – 2006 оқу жылынан бастап, мектепалды даярлық тобында қызмет атқарады. Аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды. 2007 – 2008 оқу жылында мектепішілік мақтау қағазымен марапатталды.

Т у л е к о в а Т а м а р а

1957 жылы 28 мамырда туылған 2003 жылы Қыздар педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиеті факультетін бітірді. 1997 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте орыс тілі және әдебиет пәнінен мұғалімі. Аудандық пән олимпиададан ІІІ орынды иеленген. 2003 жылы тараз қаласында білімін жетілдіру курсында болған.

О р м а н қ ұ л о в а Р а у ш а н

1964 жылы 1 қазанда туылған. 1986 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірді. Облыстық білім жетілдіру институтының 1994 жылы мақтау грамотасымен марапатталды. Аудан бойынша Махатова Әлия І орынды иеленгені үшін жаратылыстану факультеті, география – биология бөлімін бітірді. 1986жылы С.Естемесов атындағы орта мектебінде қызмет атқарып, 1988 жылдан бастап Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте география биология пәнінің мұғалімі болып еңбек етеді.

Т ұ р ы с б а е в а Б а л ж а н

1967 жылы 15 қаңтарда туылған. 1987 жылы Абай атындағы Қазақ Педагогикалық Институтына түсіп, 1992 жылы бітірді. 1986 жылдан бері Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі. Аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасынан бірінші жүлделі орынды иеленген.

Б е р е м к у л о в а Г ү л м и р а

1966 жылы 4 маусымда туылған. 1997 жылы ТарГУ орыс тілі мен әдеьиеті мамандығы бойынша 2000 жылы бітірген. 1989 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте орыс тілі пәнінен сабақ берді. Оқушылары аудандық пән олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болуда.2001 – 2002 оқу жылында А. Беспаева аудандық пән олимпиадасында ІІ орын, 2006 – 2007 жылы Ж. Түйшиева ІІ орынды жеңіп алды. 2007 – 2008 жылы мұғалімдер арасында олимпиадасына қатысып бас жүлдені алып иеленді.







VI. Ардагер болған мұғалімдер


М а х а м б е т а б и е в Ә б д і а х м е т

1928 жылы 5 мамырда туылған. 1995 жылы 9 қаңтарда қайтыс болған.

1965 жылдан 1988 жылға дейін (зейнеткерлікке шықанға дейін) Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте директорлық қызмет атқарған. 1951 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының филология факультетін Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бітірген. «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте директор болған кезде 12 мұғалім «Қазақ ССР-нің халық ағарту ісінің озық қызметері», 2 мұғалім «Аға мұғаім», және 2 мұғалім «Әдістемелі мұғалім» атақтарына ие болған. Әбекең шәкірттерінің білімді еңбекқор ғана емес, туған жерін, өлкесін сүйетін азамат ретінде өсуіне көп көңіл бөлген. 1977 жылы «Победитель Соц. Соревнованиия» орденімен, 1978 жылы «Знак почета» орденімен, 1966 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағымен, 1986 жылы «Ветеран труда» медальімен марапатталған.


Л а т и п о в а М ұ х с и н а

1930 жылы туылған. 1951 жылы ЖенПИ-дің география факультеті бітірген. 1965 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте география пәнінен сабақ берді. 1980 жылы зейнеткерлікке шығып, 1983 жылы 19 желтоқсанда қайтыс болады. 1978 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» 1970 жылы Лениннің 100 жылдығына орай «Юбилей» медальімен, 1988 жылы «Ветеран труда» медальімен марапатталған.

Қ о м а е в С а д у а қ а с

1914 жылы 23желтоқсанда туылған. 1963 жылы Қырғыз Мемлекеттік Педагогика Институтының биология-химия факультетін бітірген. 1945 жылдан Еңбекші бастауыш мектебінде кейін Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте 1978 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1964 жылы оқушыларының қант қызылшасын өндірудегі табыстары үшін Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумының Указы бойынша грамотамен марапатталды. 1975 жылы «Ветеран труда» медалімен 1969 жылы оқушыларды еңбекке даярлау жүйесінде үлкен еңбек сіңіргені үшін Республика слетінің «Құрмет грамотасымен», 1969 жылы қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері атағымен марапатталған.

1978 жылы 31-желтоқсанда қайтыс болған.

Б е с б а е в Б а й б о с ы н

1924 жылы туылған. 1942 жылда 1945 жыл аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан, соғыс ардагері.

1950 жылы Қырғыстан Мемлекеттік Педагогика Институтына Сырттай түсіп, тарих пәнінің мұалімі ретінде бітірген. 1945 жылдан бері ұстаздық қызмет атқарған. 1950 жылы Еңбекші жеті жылдық мектебінің директоры, тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. 1964 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейінгі аралықта Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.1985 жылы Қазақ ССР оқу министрлігі тәрбие берудегі табыстары үшін «құрмет грамотасымен» марапатталған. 1984 жылы «Қазақ ССР-нің халық ағарту ісінің үздігі» атағына иеленген.

2003 жылы 28 шілдеде қайтыс болған.

Б и с е м б а е в С е р і к

1947 жылы 12 желтоқсанда туылған. 1963 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогика институтына түсіп 1966 жылы бітірді. 1966 жылыШ.Уәлиханов атындағы орта мектепте математика пәнінен сабақ берген. 1971 жылы осы мектепте, мектеп директоының оқу ісі жөніндегі орынбсары, 1980 жылы директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, 1980 жылы директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, 1987 жылы мектеп директоры қызметтерін атқарған.

1999 жылы денсаулығына байланысты қайтыс болған.

Ж а қ с ы б а е в Қ о ж а б е р г е н

1922 жылы 10-шілдеде туылған. 1941 жылы Әулиеата педагогикалық училищесінде оқыған. 1962 жыл Абай атындағы педагогикалық институтының тарих-география факультетіне түсіп 1967 жылы бітірген 1967жылдан Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте бастауыш сынып қызметін атқарған. 1982 жылы зейнетерлікке шыққан.

2003 жылы 21-маусымда қайтыс болған.

И б р а е в а Х а б и м а

1927 жылы туылған. 1950 жылы еңбекші жеті жылдық мектепте бастауыш сыныпқа, кейін қазақ тілінен сабақ берген, 1965 жылы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте еңбек пәнінен сабақ беріп және кітапханашы қызметін атқарған. 1978 жылы 24 қыркүйекте десаулығына байланысты қайтыс болған.

А у е н т а е в К и м

1941 жылы 6-қазанда туылған. 1962 жылы Жамбыл педагогика училищесіне түсіп 1964 жылы бьітіреді. 1964 жылы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте бастауыш сыныптарға сабақ береді.

2000жылы ауданнан «Жас өспірімдерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде білім саласын өркениетті қоғамға лайқты жетілдіругеелеулі үлес қосқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.

200.. жылы қайтыс болды.





VII. Ш.Уәлиханов мектебін бітірген, елімізге атағы шығып жүрген түлектер

Қалиев Ғани – Республикалық Ауыл партиясының жетекшісі, Қазақстан Республикасының демократияландыру комиссия мүшесі.


Рысмендиев Болат – Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімі.


Кененбаев Серік – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы зерттеу институтының директоры.


Қуандықов Бақытжан – Тарих ғылымының кандитаты, Қазақ Ұлттық Мемлекеттік Университетінің оқытушысы, доцент.


VIII. Түлектер жетістігі



Ерзат Гүлбаршын 2003 жылы 9-сынып оқушысы «ХХІ ғасыр тарих адамы» ғылыми жобасы бойынша Республикалық «Әділет» қоғамының алғыс хатымен марапатталды.


Ерзат Гүлшат 2004 жылы «Қазақстан мақтаныштары» кітабының жинағына енді.


Рахметова Айгүл 1994 жылы 11-сынып оқушысы мектепті күміс медальмен бітірді.


Ерзат Гүлшат 2007-2008 оқу жылын ҰБТ-ден 117 балл көрсеткішімен, мектепті «Алтын белгі» төс белгісімен аяқтады.


IX. Жүлделі орындардан көрініп жүрген оқушылар

Құстүтінова Дана 1997-1998 оқу жылында облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің олимпиадасында ІІ-орынды иеленді.


Байдауылова Динара 2005 жылы 7-сынып оқушысы облыстық шығармалар байқауынан жазған шығармасы ІІ орын алып мақтау қағазымен марапатталды.


Мамырхан Жансая 2005 жылы 3-сынып оқушысы Республикалық «Ақбота» марафонынан ІІ-орынды иеленді.


Оспан Әлиасхат 2005 жылы 3-сынып оқушысы Республикалық «Ақбота» марафонынан ІІІ-орынды иеленді.

Ерзат Гүлшат 2006 жылы 9-сынып оқушысы облыстық сызу пәнінің олимпиадасынан ІІІ-орынды иеленді.


Қанатбай Ұлпан 2006 жылы7-сынып оқушысы облыстық математика пәнінің олимпиадасында ІІ-орынды иеленді.


Сейсенбай Толғанай 2008 жылы 7-сынып оқушысы ІХ облыстық Абай оқуы жарысында ІІІ-орынды иеленіп жүлдегер атанды.


Досмайлова Гүлнұр 2008 жылы Шу ауданы география пәнінен «Ғылыми жоба» байқауында І орынды иеленді.


Похожие публикации:

18 январь 2017 Қоңырау кестесі
18 январь 2017 Ата-аналарға
16 сентябрь 2016 Мекен жайымыз