Мұғалімдер » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
январь
2017

Мұғалімдер

Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің пән

мұғалімдерінің бірлестігі

 

 


 

 Бастауыш мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі

 

 Математика, физика,информатика
Пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі

 

 

Ағылшын тілі, Орыс тілі   

            пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі

  

  

Биология,химия,гегрофия   

пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі

 

 
 
 
МЕКТЕПТІҢ ДАМУЫНДАҒЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ РӨЛ

   Жамбыл облысы, Шу ауданы,Белбасар ауылында орналасқан, қазақтың ұлы ғалымы Шоқанның есімі берілген осы бір мектептің тарихы тереңде. Сырттай бір қарағанда аса сыр тарта бермейтін осынау білім ордасының сан мыңдаған азаматты өмірге жолдама беріп, ұясынан ұшырғаны хақ. 1 ғасырға жуық уақыттың сырын ішіне бүккен білім мекемесінің кешесі мен бүгініне бірге үнілсек...
Белбасар ауылында орналасқан, қазақтың ұлы ғалымы Шоқанның есімі берілген осы
бір мектептің тарихы тереңде. Сырттай бір қарағанда аса сыр тарта бермейтін
осынау білім ордасының сан мыңдаған азаматты өмірге жолдама беріп, ұясынан
ұшырғаны хақ. 1 ғасырға жуық уақыттың сырын ішіне бүккен білім мекемесінің
кешесі мен бүгініне бірге үнілсек...

   Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі алғаш 1929 жылы сауатсыздықты жою мақсатымен Еңбекші бастауыш мектебі деп ашылған. Мектеп ашылған кезде 19 оқушы ғана оқыған, олар жастарына қарамай біріңғай бастауыш сыныптардың бағдарламасымен оқып, тәлім алған. 1950 жылы жеті жылдық деңгейіне жеткен. 1964 жылы  Есіркеп Бекқожаев  көшесінде  Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп болып құрылды.       Мектеп  бір тілде – қазақ тілінде оқытылды.

       Еңбекші бастауыш мектебін 1929-1933 ж.ж. Андасов Әбдіхалық, 1933-1940 ж.ж. Ауытова Омар, 1940-1942ж.ж. Мустафина Әбдеш, 1942-1945ж.ж. Қалиев Әлім, 1945-1948 ж.ж. Мясаров Мұхамбет, 1948-1950 ж.ж. Уәлиев Қойшыбет басқарды.

       Еңбекші жеті жылдық мектеп директоры 1950-1958 ж.ж. Жылқыайдаров Әбдіғазит, 1958-1959 ж.ж. Бесбаев Байбосын, 1959-1962 ж.ж. Өксікбаев Камал және 1962-1965ж.ж. Диханбаев Нұрлан болды.

       1965 жылы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепті 1965-1988ж.ж. Махамбетабиев   Әбдіахмет, 1988-1989 ж.ж.Бисімбаев Серікбай, 1989-2001ж.ж. Жақсыбаев Мұрат, 2001 -2003 ж.ж. Үсембаева Дамира, 2003-2005ж.ж. Тұрысбекова Рымжан, 2005-2008ж.ж. Маликова Хатима, 2008-2012ж.ж. Жақсыбаев Мұрат, 2012-2015 ж.ж. Иманқулова  Құндызай басшылық жасады. 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап мектеп директоры болып Ахметов Еркін Тұрарбекұлы тағайындалды.

       Мектепті ұзақ жылдар басқарған басшылар Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі Махамбетабиев Әбдіахмет пен Қазақстанның Білім беру ісінің үздігі, методист-мұғалім Жақсыбаев Мұрат Мұхитұлы мектептің бүгінгі күнге жетуіне үлкен үлес қосып,ерең еңбек сіңірді.

       Бүгінгі күні мектебімізде 393 оқушы білім алып, 47 мұғалім, 27 кіші қызметкерлер еңбек етуді.

            Еліміздің білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер орын алуда, атап айтқанда мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалімді қажет етеді. Бұл өзгерістер біздің мектепті де айналып өте алған жоқ. Осы бағытта мектеп мұғалімдерінің 14% Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша курстан өтті. Мектепте  қазіргі таңда 1 мұғалім І (ілгері) деңгей, 2 мұғалім ІІ(негізгі) деңгей, 4 мұғалім ІІІ (базалық) деңгей бағдарламасын игеріп, өздерінің кәсіби біліктілігін дамытып, жаңа бағытта шығармашылықпен жұмыстануда. Бұл мұғалімдердің алдында жеке кәсіби өсу және мектепті дамыту міндеттері тұр. Бұл міндеттерді бір-бірінен айырып қарауға болмайды. Мұғалім жеке өзі жұмыс істеу арқылы маман ретінде біліктілігін көтере алмайды, ол үнемі әріптестерімен кеңесіп, әдіс алмасып, тәжірибе бөлісіп отыруы керек. Сол арқылы әріптесінің де тәжірибесінің молайуына ықпал ете бастайды. Бұл жұмысты мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз ету моделінің бірі – мектепте және мектептер арасында кәсіби қоғамдастық құру немесе оған мүше болу арқылы жүзеге асыра алады. Кәсіби қоғамдастық алдыңғы кезекте мұғалімдердің кәсіби өсіп, қалыптасуын қамтамасыз етеді және қоғамдастық жұмыс аясын кеңейте отырып басқа мектептермен байланысқа шығады. Мектептегі кәсіби қоғамдастықты І (ілгері) деңгей мұғалімдері құрып, дамытады.

Бүгінгі күні мектепте «Болашақ» кәсіби қоғамдастығы құрылып, мектептің даму жоспарын жасақтап, жұмыс жүргізуде.

 «Болашақ» кәсіби қоғамдастығы төмендегідей жұмыс топтарына тұрады.

Ұйымдастырушы (басшылық етуші) топтар деңгейлік бағдарламаны дамыту бағытында орындалатын жұмыстарды бағыттайды және бақылайды. Желіні жақсарту жөнінде жоспар құруға жауапты болады. Желілік қорлардың бөлінуін және пайдаланылуын бақылайды әрі мүдделі адамдарды тартады. Құрамына мектеп басшысы мен мектеп әкімшілігі, І (ілгері) деңгей мұғалімі енеді.

Ұйымдастырушы (басшылық етуші) топ құрамы

 

 

 

 


 

Мектеп директорының оқу-ісі жөнінен орынбасары Қалымбетов Сәкен Сыдығалыұлы



 
Мектеп директоры
 
Ахметов Еркін Тұрарбекұлы

 
 
 

 
 
І (ілгері) деңгей мұғалімі, «Болашақ» кәсіби қоғамдастығы жетекшісі

Үйлестіруші топтар желінің әртүрлі бөлімдері арасындағы қызметті реттейді Үйлестіруші топтар мектептер арасындағы және желі ішіндегі бірлесіп өткізілетін іс-шараларға қатысты шешім қабылдайды. Құрамына мектеп директорының орынбасарлары мен пән бірлестік жетекшілері, ІІ деңгей мұғалімдері енеді.

 

 Үйлестіруші топ құрамы

 

 

 

 

Мектеп директорының тәрбие ісі жөнінен орынбасары

Қапасова Мейрамкүл Мырзаханқызы


 

     

      Мектеп директорының әдістемелік жұмыс жөнінен орынбасары

Беремкулова Гулмира Кемельжановна 

 

 

        

     Мектеп директорының әдістемелік жұмыс          жөнінен               орынбасары

Турысбаева Балжан Аширбековна

 

 

 

 

Педагог - ұйымдастырушы

Қанайқұлов Бақытқұл Оразқұлұлы

 

 

 

 

ІІ деңгей мұғалімі Кустутинова Дана Айтжановна

 

 

 

 

 

ІІ деңгей мұғалімі, ИФМ бірлестігініңжетекшісі 

Нусипалиева

Рауан Карсоновна

 

 

 

Жаратылыстану пәндері бірлестігінің жетекшісі Оспанова  Ғазиза Жағыпаровна

 

 

 

Бастауыш сыныптар бірлестігініңжетекшісі Карипбаева Айнұр Сатыбалдиевна

 

 

 

 Қазақ тілі әдебиеті,

тарих пәндерінің бірлестігі

 жетекшісі Жақсыбаева

Күлаш Қожабергенқызы

 

 

 

Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінің бірлестігінің жетекшісі  Шоңқабаева Гүлжамал Алтынбековна

 

 

 

Шығармашылық пәндер бірлестігінің жетекшісі

Құдайбергенова Ләззат Әскенқызы

 

    Дамытушы топтар  желінің даму жоспарында басым сала ретінде белгіленген салаларда оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру әдістеріне назар аударады. Дамытушы топтар оқу бағдарламаларын әзірлеп, оқытудың жаңа стратегияларының қабылдануына қолдау көрсету арқылы желіні дамытуға өз үлестерін қосады. Құрамына мектептің жалпы мұғалімдері, ІІІ деңгей мұғалімдері енеді. 

                                               Дамытушы топ құрамы 

 

 


 

ІІІ деңгей мұғалімі Джумагулова Айгерим Абаевна

 

 

 

 

ІІІ деңгей мұғалімі

Ешенқұлов Бахыт Тұрсынқұлұлы

 

 

 

 

ІІІ деңгей мұғалімі

Аширбекова Алима Болатовна

 
   III деңгей мұғалімдері бағдарламаның негізгі идеялары мен 7 модульді ықпалдастыра отырып, педагогикалық тәжірибеге өзгеріс енгізуде және бұл жұмыстарын аудан, облыс және республика көлемінде таратуда. Бірінші және екінші деңгейді бітірген мұғалімдер бірнеше мұғалімдермен коучинг және тәлімгерлік жүргізіп, білім беру саласына өзгеріс жасауға ықпал етуде. Мұғалімдер арасында өткізілген түрлі тақырыптардағы коучингтер бұған дейін өз жұмысын өзі жеке атқарып жүрген әріптестердің арасында ынтымақтастық орнатып, педагогикалық ұжымның ахуалын жақсартып келеді.

       Қоғамдастық жұмысына белсене араласып, үздіксіз ізденіс үстінде жүретін ұстаздарымыздың педагогикалық жұмысындағы инновациялары осы басылымда көрініс тапқан. Журналда «Болашақ» кәсіби қоғамдастығының белсенді мүшелерінің жүргізген жұмыстарының, өткізген сабақтарының жоспары  жарияланған. Ұстаздарымыздың өлшеусіз еңбегінің құмға сіңген судай жоғалып кетпей, керісіншежұмыстарының табысты нәтижесін осы журнал арқылы жариялауы көңіл қуантады.

Рысмендеева Жибек Камысбековна, I-деңгей мұғалімі, 

«Болашақ» кәсіби қоғамдастығының жетекшісі.

Нусипалиева Рауан Карсоновна, ІІ деңгей мұғалімі.

 

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Белбасар ауылы,

Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп.

 

 

Похожие публикации:

18 январь 2017 мектеп дәстұрі
18 январь 2017 Ата-аналарға
16 сентябрь 2016 Мектеп тарихы
16 сентябрь 2016 Мекен жайымыз