Қамқоршылық кеңес » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
февраль
2019

Қамқоршылық кеңес

Жамбыл облысы, Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Шоқан Уәлиханов атындағы  орта мектебінің КММ

жанындағы Қамқоршылық кеңес отырысының

№3 хаттамасы

 

Белбасар ауылы                                                                     26 қараша  2018 жыл

 

Қатысқаны: 11

 

Күн тәртібінде:

<!-- [if !supportLists] --> 1.     <!-- [endif] --> Мектеп директоры Е.Т.Ахметовтын 2017-2018 оқу жылындағы жылдық   жұмыстарының есебі туралы.

<!-- [if !supportLists] --> 2.     <!-- [endif] --> Кәмелет  жасына толмағандар  ісі  және олардың  құқығын  қорғау

жөніндегі мектеп инспекторы Б.Досымовтын 2017-2018 оқу жылында атқарған жұмыстарының  есебі туралы.

Тыңдалды: Е.Т.Ахметов (мектеп директоры)

2017-2018  оқу   жылында    мектепте   жұмыс    атқарған    барлық педагог қызметкерлер саны - 48 Білімдері бойынша: Жоғары білімді – 48;  Білімдері бойынша сараптайтын болсақ:

Жоғары білімді – 48  (жалпы санынан –  алғанда 100%-ды құраса),                       

Біліктілік санаттары бойынша:

 Жоғарғы санатты –21 (жалпы саннан есептегенде -43,7%)

 Бірінші санатты – 16(жалпы саннан есептегенде -33,3%)

 Екінші санатты –6 (жалпы саннан есептегенде -12,5%

 Санаты жоқ –5 (жалпы саннан есептегенде -10,4%)

       2017-2018 оқу жылында оқу-тәрбие жұмысын жүргізу барысында жоспарға алынған барлық іс-шаралар өз уақытында өткізіліп отырды. Бұл уақыт арасында түрлі акциялар барысында аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балаларға бюджет, демеушілік тарапынан 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке  жол» акциясы аясында оқу құралдары  мен мектеп формасы берілсе, қазан айында аудандық бюджеттен аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға қыстық киімдер тарту етілді. Шу ауданы әкімінің жаңа жылдық шыршасына аз қамтылған отбасынан шыққан екі оқушымыз қатысып, бағалы сыйлықтармен оралды. Ақпан айында «Қайырымдылық жасауға асық!» акциясы аясында мектебімізде аз қамтылған отбасынын шыққан оқушыларға демеушілер есебінен қыстық киімдер мен оқу құралдары сыйға берілді. Сонымен қатар мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайын тексеру нәтижесінде әлеуметтік жағдайы төмен деп анықталған  6 оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған.

        Аудандық Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген «Бизнес баспалдағымен» тақырыбындағы облыстық эканомикалық ойынының аймақтық кезеңіне белсене қатысқаны үшін Шоқан Уәлиханов орта мектебінің кондитер командасы марапатталды.

        Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Аудандық «Мәңгілік Ел-Мәңгілік махаббат» атты әдеби-сазды байқаудың «Ең үздік жұп»  номинациясымен  Әшірбек Саламат пен Қанатбек Аяулым марапатталды.

Мәңгілік Ел тәрбие және білім орталығының ұйымдастыруымен аудандық «Жігітке жеті өнер де аз» байқауының ІІ орын иегері Құлпыбай Бауыржан марапатталды.

        Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепке «Туған мектепке тағзым» акциясы өтті. Акцияға ауыл азаматтары мен мектеп түлектері қатысты. Мектепке жалпы сомасы 750,000 мың теңге көлемінде сыйлықтар табыс етілді.

        Оқушыларымыз Республика, облыс, аудан көлемінде түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып, мектебіміздің мәртебесін көтеруде. Атап айтсақ:

 2017-2018 оқу жылында бейнелеу өнері үйірмесіне 5-7 сыныптардан 25, қолөнер үйірмесіне 5-9 сыныптардан 50 оқушы, экологиялық үйірмелерге 36, футбол секциясына 5-9 сыныптардан 40 оқушы, ал аудандық спорт мектептері арқылы волейбол секциясына 24, бокс секциясына 36 оқушы қамтылды.Үйірмелер мен секцияларға қатысқан оқушылар төмендегідей нәтиже көрсетті:

1.Ісімерлер үйірмесіне10 сынып оқушысы Қартайған Ақерке аудандық шығармашылық жоба байқауынан 1 орын, облыстан 3-орын.

2.Футболдан аймақтық жарыста 1 орын, аудандық 3 орын, «Былғары доп» жарысында аймқтық 1 орын, аудандық жарыста жас ерекшеліктері бойынша 1,2,3 орындар 2005 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы облыстық біріншілікте 2 орынды иеленді.

3.Волейболдан оқушылар командасы аудандық турнирлер мен біріншіліктерден 1 рет-1, 1 рет-2, 3 рет-3 орындарды,облыстан 1,2- орындарды иеленді.

4.Бокстан өткен аудандық жарыстарда 3 оқушы 2 рет-1, 2 рет-3 орындарды, облыстық жарыстарда 4 оқушы 1 рет-1, 1 рет-2, 2 рет-3 орындарды иеленді.

    Оқушылар аудан, облыс, республика және халықаралық пән олимпиадалары, интелектуалдық олимпиада мен ойындарға, байқаулар мен жарыстарға қатыстырылып айтарлықтай нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңіне 20-оқушы қатысып 2 оқушы ІІ-ші, 3 оқушы ІІІ орындарды иеленді.

    Республикалық және халықтық интернет олимпиадалардан 85 оқушы 1-ші, 20 оқушы 2-ші, 8 оқушы 3-орындарды алды. «Ақ бота», «Русский медвежонок», «Кенгру-математика», «Адам және табиғат» байқау, марафондарына қатысқан оқушылардан 23-і 1-ші, 9-ы 2-ші, 20-сы 3-ші орындарды иеленді.

    Республикалық және халықаралық қашықтық ғылыми жоба жұмыстарында 2 оқушы 1-ші, 1 оқушы 2 орынды жеңіп алды. 11 сынып оқушысы Әбдімәжит Дина мен Әшірбек Мадина аудандық ғылыми жоба байқауына математика пәнінен 1 орынды иеленіп, байқаудың облыстық кезеңіне қатысты.

     Облыстық шығармашылық жоба байқауына 10 сынып оқушысы Қартайған Ақерке технология пәні бойынша 3-орынды иеленді. Басқа да 2-ші, 1 оқушы 3-ші орындарды жеңіп алды.

   Аудандық деңгейлердегі байқау-жарыстардан 8 оқушы1-ші, 4 оқушы 2-ші, 14 оқушы 3-ші орындарды иеленді.

    Оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, оқу жылы аяғында жұмысты қорғау мектепішілік байқау түрінде ұйымдастырылып нәтижелері сарапталды. 3 ғылыми жоба жұмыстары аудандық байқауға қатыстырылып оның 2-і 1 орынды иеленді. Матеметика пәнінен облыстық байқауға қатыстырылды. Және осы жұмыс аудандық ғылымитәжірибелік конференцияға шығарылды.

      Өткен оқу жылы есебімен мектепте 403 оқушы білім алып,  білім сапасы 66,5% көрсеткіш көрсетті. Осы оқу жылында 9 сыныпты 30 оқушы аяқтап, оның 3-і үздік аттестат, ал 11 сыныпты 23 оқушы аяқтап, оның 2-і Алтын белгі иеленді.

        Биыл мектебімізді бітірген 23 оқушының 8 оқушысы еліміздің   жоғарғы оқу орындарының  грант  иегері атанды.

   2018-2019   оқу  жылында    мектепте    жұмыс   атқаратын    барлық педагог қызметкерлер саны - 48. Білімдері бойынша: Жоғары білімді – 48; Біліктілік санаттары бойынша: Жоғарғы санатты – 21; Бірінші санатты –  16; Екінші санатты – 6;  Санаты жоқ – 5.

      Ұлттық біліктілік тестінен өткен педагогтар саны – 2; оның ішінде: зерттеуші – 1; сарапшы – 1.

     Біліктілік потенциал:  77%

     Биылғы оқу жылында мектеп оқушыларының пәндік оқулықтармен қамтамасыз етілуі 100% болды.

     Осы оқу жылына оқу тәрбие ісі бойынша жоспарланған барлық іс-шаралар өз деңгейінде өткізіліп келеді.

    Қыркүйек айында Қазақстан халықтары тілдері мерекесі аталып өтті.

12-24 қараша күндері аралығында бастауыш сынып  бірлестігінің әдістемелік онкүндігі өткізілді. Онкүндік ішінде түрлі іс-шаралар, ашық сабақтар өткізілді.

     Әр сенбі сайын мұғалімдердің қатысуымен жаңартылған білім мазмұнының    әдістемесін жетік меңгеру үшін коучинг, дөңгелек үстел, семинарлар өткізілуде.

 

   Қорыта келгенде, мектебімізде есеп беру кезеңі бойынша білім сапасы 2017-2018 оқу жылының  І тоқсанында – 54%, ІІ тоқсанда - 62%, ІІІ тоқсанда - 64%, ІҮ тоқсанда – 65 %, жылдық- 66,5% білім сапасын көрсетті.

   2018 -2019 оқу жылының І тоқсанында – 52% .Кему динамикасы – 14,5% артты.

2017-2018 оқу жылында    мектебімізде 18 үйірме жұмыс істеп, оған 190 оқушы қатысқан болса , 2018-2019 оқу жылында 18 үйірме ашылып, оған 245 оқушы қамтылды. Биылғы оқу жылында үйірмеге қатысатын оқушы саны 55  оқушыға артып отыр.

          2-мәселе бойынша мектеп инспекторы Б. Досымовсөйледі. 

 «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»  тақырыбында мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілердің және мектеп инспекторының қатысуымен  8-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстық істерді болдырмау жұмысының  ІІ бөлімімен жылдық жоспары құрылып, бекітілді. Жоғарғы сынып оқушыларымен құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жөсөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Мектеп ережесі», «Заң және біз», «Жаза және жасөспірім», «Біреудің мүлкін ұрлау», «Қылмыс қайдан шығады» тақырыптарында кездесу өткізілді.

 

     Мектебімізде «Азамат» ұлдар тобы құрылды. Жоспар құрылып бекітілді. Жоспар бойынша іс шаралар өткізілуде.

Мектеп инспекторы ұлдар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ұлдарға өз кеңесін берді.Қараша айында 7-8 сынып жетекшілері ұлдармен «Қылмыс қайдан шығады?» атты пікір алмасу өткізді.  Желтоқсан айында 5-11 сынып ұлдары арасында мектеп инспекторының қатысуымен «Адам не үшін жауапқа тартылады?» атты жиналыс өткізілді.

 

      Кешкі және түнгі уақыттағы кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтарды азайту мақсатында рейд жұмыстары жүргізіледі. Мұғалімдер  арасында кезекшілік  құрылыпБелбасар ауылында  әр аптаның сейсенбі күні  рейд жұмыстары   жүргізіліп тұрады. Түнгі уақыттағы 21.00-24.00 рейдке 4 мұғалім бекітілді.

 «Ұл бала тәрбиесі –жауапты іс» атты тақырыпта ұлдар жиналысын өткізді. Жиналыс соңында құқық бұзушылыққа байланысты бейне баяндар көрсетілді. 

 

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кәмелетке

толмағандардың істері және олардың  құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы  Үлгі ережені»  басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке  толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша жасаған әрекетіне қатысты  жазылған қатынас хатты талқылай келе , Есенбек Алмас,Сайлау Бексултан  мектепішілік тізімнен  шығарылды.

         Мектепішілік есепке алынған оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу мақсатында белгіленген тәлімгерлер жұмыс жоспарын құрды.  Жоспар бойынша іс-шара жұмыстары өткізілді.

         Мереке күндеріне байланысты «Түнгі  қаладағы бала» атты тақырыпта рейд ұйымдастырылып, қадағаланып отырды.

 

        

     Шу қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. 2017-2018 оқу жылының екінші жарты жылдығындағы мектеп директорының атқарған жұмыстарының есебі қанағаттанарлық деп танылсын.

2. Мектеп инспекторының қамқоршылық кеңес алдындағы есебі назарға  алынсын. Кәмелет жасқа толмаған оқушылармен жұмыс күшейтілсін.

        

         Кеңес төрағасы                                                      Тұрысбаев  К.А.

         Кеңес хатшысы                                                      Шайжанова  Ғ.Т. 

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері

                                                

                                                          Құлымбетова А.М

                                                   Абдиева Ж.К

                                                     Әлібекова Ж.К

                                                        Әшірбекова Д.Ж

                                                      Сауранбаев Е.О

                                                  Сұлтанов Ғ.Б

                                                    Әбдешова З.Ә

                                                    Садықова Б.М

                                                       Жақсыбаева Б.Қ

 

 

 

                                                                                           

 

 

 

 

 

Похожие публикации:

22 февраль 2019 Қамқоршылық кеңес
14 июнь 2017 Мұғалімдер
16 сентябрь 2016 Мектеп тарихы