Жарғы » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
февраль
2019

Жарғы

 

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

«Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

 

ЖАРҒЫСЫ

 

 

 

 

УСТАВ

 

      коммунального государственного учреждения

«Средняя школа имени Шокана Уалиханова»

отдела образования акимата Шуского района

Жамбылской области

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің

                                                                                                       2018 ж « 13 » қыркүйек

 348   қаулысымен бекітілген

 

 

 

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің  

«Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы

 

 

 Жалпы ережелер

 

1. Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыру функцияларын іске асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады.

2.  Мемлекеттік коммуналдық мекеменің түрі:  жалпы орта білім беретін мектеп

3.  «Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  1969 жылы  құрылған.  

4.  Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігі – мекемнің Құрылытайшысы, ал Уәкілетті органы  - «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады (бұдан әрі  - құрылтайшы).

5. Тиісті  саланың уәкілетті органы «Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

6. Мекеме шектеусіз мерзімге құрылды.

7. Мемлекеттік мекеменің атауы: Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме).

8.  Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,Жамбыл облысы,Шу ауданы,Белбасар ауылы , Есіркеп Бекқожаев көшесі, №78 үй. пошта индексі 081108

 

<!-- [if !supportLists] -->2.   <!-- [endif] -->Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңдық  мәртебесі

 

9.  Коммуналдық мемлекеттік мекеме мемлекеттік тіркеуге алынған уақытынан бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

10.  Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған бланкілері, мөрі болады.

11.  Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

12. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

13. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін  күшіне енеді.

 

 

 

<!-- [if !supportLists] -->3.      <!-- [endif] -->Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

 

14. Мекеме қызметінің мәні - ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылым жетістіктері мен оның тәжірибесі негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

15. Оқушылардың жалпы ғылыми және мәдени дайындықтарын қалыптастыру, мамандықты саналы түрде таңдау үшін негіз қалыптастыру, қоғамның шығармашылық қуатын дайындау, мектеп оқушысының жеке тұлғасын, ар-намысын қадірлеу, оған сену, оның жеке мақсаттары мен мүдделерін қабылдау мекеме қызметінің мақсаты  болып табылады.

16.Мақсатқа жету үшін мемлекеттік мекеме келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

- мектепке дейін, мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыру;

- білім беру мекеме қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру;

- оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу құралдар, ғылыми, әдістемелік, анықтамалық әдебиеттерді әзірлеу;

- психологиялық диагностика мен тестілеу өткізу;

- семинар, конференция, байқау, олимпиадалар ұйымдастыру;

- концерттер мен көрмелер ұйымдастыру;

- білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;

- тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке бастың дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту;

- азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге, бәсекеге қабілеттілікке, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу;

- белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

лемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен Республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу;

- мемлекеттік тілді, орыс, шет ел тілдерін меңгеру;

- педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

- білім беру ұйымдарының еркіндігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруда демократияландыру және орталықсыздандыру;

- қоғам мен экономиканың қажеттілігіне жауап беретін білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

- оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану және ендіру;

- оқушылардың кәсіптік бағдарлануын жүзеге асыру;

- қосымша білім беру, сауықтыру, спорттық қызметтерді көрсету;

Коммуналдық  мемлекеттік мекемеге жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

Білім беру мекемесінің міндеттері:    

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерттеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;

6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;

8) қоғам мен экономиканың қажеттілігіне жауап беретін білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі.

17. Мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

18. Мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке  әкеледі.

 

<!-- [if !supportLists] -->4.     <!-- [endif] -->Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару

 

  19. Мектептің Құрылтайшысы келесі функцияларды іске асырады:

  1)  Мектепті құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;

  2)   Мектептің Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

             3)  Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген басқа да функцияларды       жүзеге асырады.

 20. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан    Республикасының  заңнамасымен бекітілген тәртіппен келесі функцияларды  жүзеге асырады:

1)  мектеп атына мүлікті бекітеді;

2)  мектеп  мүлігінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген басқа да функцияларды        жүзеге асырады.

21. Мектепті жалпы басқаруды тиісті саланың Уәкілетті органы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1)  Мектептің  жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

2) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

            3) Мектеп басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін,

                 оны  лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

4) Мектептің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

5)  жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

6)  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

22. Мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген жағдайларды қоспағанда, тиісті  саланың  уәкілетті органмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

23. Мекеменің басшысы мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, тиісті саланың  уәкілетті органға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік Мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

24. Мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

25. Мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мекеменің мүддесін білдіреді;

3) келісім-шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) тиісті  саланың уәкілетті    орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

11) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алады және олардың орта білім алуына дейін оқытылуын ұйымдастырады;

      12) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қамқорлығын және қорғаншылығын ұйымдастырады, оларды балалар үйлеріне немесе интернаттық мекемелерге орналастырады;

13) өз құзыретіне сай оқу-тәрбие процесі мазмұнының  мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігіне мерзім сайын бақылауды ұйымдастырып, өткізіп отырады;

14) мектептің оқу жоспарлары бекітеді, өз құзыретіне сай мектептің аттестациясын өткізеді;

15) әдістемелік  қамтамасыз етуді жоспарлап, ұйымдастырады;

16) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Жарғымен  және тиісті саланың уәкілетті органымен  жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

26. Мекеменің  құрылымы педагогикалық кеңеспен жасалады және Құрылтайшымен келісім бойынша мектеп директорына бекітуге ұсынылады.

Басқару Білім беру туралы Заңға, мектеп Жарғысы мен мектеп туралы Ережеге сәйкес адами құндылықтардың басымдық, жариялылық, демократиялық принциптерімен адам өмірін, денсаулығын қорғау және жеке тұлғаны дамыту бағытында жүзеге асырылады.

Еңбек ұжымын мектептің барлық қызметкерлері құрайды. Еңбек ұжымының өкілеттілігі оның мүшелерінің жалпы жиналысында жүзеге асырылады. Жиналысқа мектеп қызметкелерінің үштен екі бөлігі қатынасқан жағдайда ол заңды болып есептелінеді.

27. Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы             

27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген Ережесіне сәйкес білім мекемесінде Қамқоршылық кеңестері құрылып, оның құрылымы мен қызмет атқаруы бекітілген Ережелерге сәйкес жүргізіледі.

 

 

28.  Педагогикалық кеңестің құзыры:

а) педагогикалық кеңес жөніндегі ережеге сәйкес қызметін жүргізеді;

б) ұсыныстар мен сыни ескертпелердің орындалуына бақылау жасайды;

в) мектептің ішкі тәртібі ережелерін белгілейді;

г) оқушыларды қорытынды, аралық аттестаттаудан өткізу тәртібін белгілейді;

д) әр тоқсанда бір рет өткізіліп, хаттамамен рәсімделінеді

29.Кәсіподақ комитеті:

- мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, ұжымдық еңбек шартын жасайды;

       - директормен бірлесе отырып, қызметкерлерді материалдық жақтан мадақтау және педагогтердің оқу жүктемесі мәселелерін шешеді.

30. Мектепте ерікті түрде оқушылардың өзін-өзі басқару органдары мен оқушылар ұйымдары жұмыс жасауына болады (жоғары сынып оқушыларының Кеңесі). Олар оқушылардың өзін-өзі басқару органдары туралы Ережеде көрсетілген өкілеттілікке сәйкес басқаруға қатынасады.    

31. Қоғамдық ұйым ретінде мектепте сынып және мектептің жалпы ата-аналар комитеттері жұмыс жасайды. Сыныптардағы ата-аналар комитеті жиналыс шешіміне сәйкес сайланады. Сайланған мүшелерден төраға мен хатшы таңдап алынады.           

32.  Мектептің ата-аналар комитетінің құзыры: