Дұрыс тамақтану тақырыбында атқарылған іс-шаралар » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дұрыс тамақтану тақырыбында атқарылған іс-шаралар
12
февраль
2020

Дұрыс тамақтану тақырыбында атқарылған іс-шаралар

«Ас қорыту жүйесі» тақырыбындағы баяндаманың оқуы туралы
Анықтама
Биология пәнінің мұғалімі Орманқұлова Р.К 15.10.2019 ж 5-8 сынып оқушыларын тақырыбымен таныстырып, баяндаманы оқыды. Өзінің кіріспе сөзінде:
Тамақтану ағзаның қалыпты өсіп дамуы мен тіршілік әрекеті үшін ең негізгі жағдай дұрыс тамақтану. Ескірген, ыдырап тозған жасушалардың орнына қан мен бірге әкелінген кенеулі заттардың жаңа жасушалар түзіледі. Жасушаның дамуы үшін де кенеулі заттар қажет, өйткені ағзаның тіршілік әрекетіне қажетті энергия болып табылады. Су адам денесінің тіршілігі үшін ең қажетті зат. Адам күніне шамаен 2-2,5 л (10-12 стақан) су ішуі қажет.Суды дұрыс іше білу керек. Оны жиі-жиі, аздап кішкентайдан жұтып ішу пайдалы, ал көп ішу зиян. Себебі, қан айналым мөлшері жүрек пен бүйрек жұмысына артық күш түсіреді.
Әлеуметтік педагог: Мукашева Ж.Ж

«Мектеп оқушысының тамақтануы» жөніндегі берілетін кеңестер туралы
Анықтама
Медбике Манапова Г.Г 11.09.2019ж. 1-4 сынып оқушыларын тақырыбымен таныстырып, дұрыс тамақтану барысындағы кеңестерін берді.Өзінің кіріспе сөзінде:
Денсаулығың үшін ақуыздар, майлар мен көмірсулар, баға жетпес аминқышқылдары, дәрумендер май қышқылдары, минералдармен микро элементтер сияқты нәрлі заттардың дұрыс үйлесуі маңызды.
Ақуыздар: Ақуыздар күнделікті 75-90 грам тұтынуы керек. Оның ішінде 40-55 грам жануар текті ақуыз.
Майлар: Майды тұтыну мөлшері тәулігіне 80-90 грам.
Көмірсулар: Тәулігіне көмірсулар мөлшері Тәулігіне көмірсулар мөлшері 300-400 грам.
Дұрыс тамақтанудағы қарапайым ереженің сақталуы:
Тағам әр түрлі болу керек;
Тамақтанып отырғанда сөйлесуге және оқымауға тырыс;
Тағамды әбден шайнау қажет;
Тұзды, майлы және қуырылған тағамға әуестенбе;
Кондитер тағамдары-өте тәтті, бірақ пайдасы жоқ;
Шөлді басатын ең жақсы сусын қайнатылған су, сүзілген немесе газдалмаған су;
Жемістер мен көкөністер денсаулыққа пайдалы.

Әлеуметтік педагог: Мукашева Ж.Ж


«Тағам ең жақсы дәрмек» тақырыбындағы бейнеролик туралы
Анықтама

Мектептің әлеуметтік педагогы Ж.Мукашева 05.12.2019 ж мәжіліс залында 1-4 сынып оқушыларына «Тағам ең жақы дәрмек» тақырыбында бейнеролик көрсетті. Организмнің қалыпты өсуіне ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер және микроэлементтер қажет. Соның ішінде витаминдерге тоқтала кетті.
Ең алған витаминдердің қажет екенін 1888 жылы орыс ғалымы Н.И.Лунин дәлелдеді. Қазіргі таңда 20-дан астам витаминдер белгілі, олардың көпшілігі жасанды жолмен алынған. Бұл организмде аз ғана мөлшерде болатын және оның қызметіне әсер ететін заттар. Витаминдер организмнің өсуі мендамуын, ас қорытуды қан айналымын қамтамасыз етеді, аурулардан қорғайды, жұмыс қабілетімен организмнің шыдамдылығын арттырады.

Әлеуметтік педагог: Мукашева Ж.Ж

Дұрыс тамақтану тақырыбында атқарылған іс-шаралар
Дұрыс тамақтану тақырыбында атқарылған іс-шаралар