"Мектеп асханасы" республикалық акциясы » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектеп асханасы" республикалық акциясы
26
февраль
2020

"Мектеп асханасы" республикалық акциясы

Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі бойынша 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығы “ Мектеп асханасы ” айлығы өткізілді. Мектептегі оқушылардың тегін тамақтандырылудың сапасын бақылау жасау мақсатында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық комиссиясы құрылды. Осы іс-шара аясында мектептегі тамақтану бойынша мониторинг комиссия мүшелерінің қатысуымен зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 16 тамызындағы №611 бұйрығына сәйкес асханадағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына, яғни тазалық, асханадағы тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеуіне, ондағы заттардың бөлек сақталуына және аспазшының гигиеналық талаптарына қатаң сақтауына бақылау жүргізді. Сонымен қатар асхана тиісті құжаттардың сараптаға нәтижелеріне арналған бракераждық журналдың уақытылы жүргізіліп отырылуы бақыланды. Зерделеу барысында асханаға жеткізілген азық-түліктер сапасы тексерілді. Айлық барысында мектеп асханасында “Ашық есік” күні ұйымдастырылып, ата-аналар мектепке келіп ыстық тамақтың сапасын көрді. Сонымен қатар дұрыс тамақтануға байланысты оқушылармен ашық есік күніне келген ата-аналардың қатысуымен сынып сағаттары, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ас мәзіріне сәйкес берілетін тамақтар күнделікті ауысып отырылады. Мектеп асханасында денсаулық бұрышы ұйымдастырылған. Ас мәзірін анықтау мақсатында ыстық тамақ туралы сауалнамалар алынды. Оқушыларға мектеп медбикесі дұрыс тамақтану туралы баяндама оқыды. Мектептің әлеуметтік педагогы атқарылған іс-шараларды facebook парақшасына салды.
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы
"Мектеп асханасы" республикалық акциясы